04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Челси Угочуквуды Бернлиге сатуға келісті

Челси Угочуквуды Бернлиге сатуға келісті

Лондондық Челси мен Бернли жартылай қорғаушы Лесли Угочуквудың трансфері бойынша келісімге келді — футболшы медициналық тексеруден өтіп, бес жылдық келісімшартқа қол қояды.

21 жастағы жартылай қорғаушы Челсидің жоспарына кірмейтін ойыншылар қатарында болды — ол Рахим Стерлинг және Бен Чилвелл сияқты футболшылармен бірге негізгі командадан бөлек жаттықты.

Угочукву Челсиге француздық Реннан екі жыл бұрын 23 миллион фунтқа ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде ол лондондық клуб үшін 15 матч өткізіп, Саутгемптонға жалға берілген.

Бернли сонымен қатар шабуылшы Армандо Броиды сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде — бұл қорғаушы Башир Хамфристің жақында 14 миллион фунтқа ауысуынан кейін клубтар арасындағы үшінші трансфер болуы мүмкін.