04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Монреаль турнирінен Ига Швёнтек шығып қалды

Монреаль турнирінен Ига Швёнтек шығып қалды

Польшаның үшінші ракеткасы Ига Швёнтек Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында сенсациялық жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде ол Дания өкілі Клара Таусонға (No19) 6:7 (1:7), 3:6 есебімен есе жіберді.

Матч 1 сағат 55 минутқа созылды.

Еске салайық, турнирде қазақстандық Елена Рыбакина да (No12) бақ сынауда.

Монреальдағы турнир 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді.

Жүлде қоры – 5 152 599 доллар.