04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC файтері Бекзат Алмахан Майамиде жаттығуды бастады

UFC файтері Бекзат Алмахан Майамиде жаттығуды бастады

Бекзат Алмахан UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады — бұл туралы файтер Флорида штатының Майами-Бич қаласынан Instagram-парақшасында хабарлады.

Қазақстандық жартылай жеңіл салмақтағы спортшының әлемдегі ең мықты лигада екі жекпе-жегі бар — оның қазіргі рекорды бір жеңіс пен бір жеңілістен тұрады. Үш ай бұрын өткен соңғы жекпе-жегінде Алмахан канадалық Брэд Катонаны (14-5) бірінші раундта әсерлі нокаутпен жеңді.

Тұсаукесер жекпе-жегінде Алмахан Омар Нұрмагомедовтен (18-1) ұпай санымен жеңілді — алайда қазақстандық файтер ресейлік спортшыны нокдаунға түсіре алды.