03.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жаңа бапкер Михаил Кравец Астанаға келді

Жаңа бапкер Михаил Кравец Астанаға келді

«Головой Об Лед» Instagram-арнасының хабарлауынша, ресейлік маман Михаил Кравец Астанаға келді — ол «Барыс» хоккей клубының жаңа бас бапкері болады.

Астаналық клубтың болашақ жетекшісі көмекшісі Евгений Королевпен және «Барыс» басшылығы — Сәкен Мұсайбеков, Алексей Мамонтов және Рахат Маржықпаевпен бірге «Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы жолдастық кездесуге қатысты.

Айта кетейік, Михаил Кравец өткен маусымда қытайлық «Куньлунь Ред Старды» басқарған, ал «Барыста» өткен жылдан бері команданы жаттықтырған Ғалым Мамбеталиевті алмастырады.