03.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бруну Фернандеш Криштиану Роналдудың ұсынысынан бас тартты

Бруну Фернандеш Криштиану Роналдудың ұсынысынан бас тартты

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш командада қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 30 жастағы футболшы Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың шақыртуынан бас тартқан. Ол «Әл-Насрға» ауысуға қызығушылық танытпаған және «Манчестер Юнайтедтегі» ойынына толық көңіл бөлмек.

Өткен маусымда Фернандеш барлық турнирде 57 матч өткізіп, 19 гол соқты және 19 нәтижелі пас берді.