02.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хабиб Нурмагомедов қазақстандықтардың Дағыстандағы жаттығулары туралы айтты

Хабиб Нурмагомедов қазақстандықтардың Дағыстандағы жаттығулары туралы айтты

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Дағыстандағы туған ауылы Сильдидегі жаттығу базасының жұмысы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Hustle Show подкастындағы әңгімеде спортшы жаттығу орталығына шетелдік спортшылардың жиі келетінін айтты.

Бізде шетелдіктер өте көп. Қазақ, қырғыз, тәжік бауырларымыз үнемі біздің залда жаттығуда, — деді Нурмагомедов.

База шекара заставасының жанында орналасқандықтан — спортшыларға кіру үшін алдын ала құжаттарды рәсімдеу қажет.

Алдын ала паспортыңды жібересің, сол жеткілікті, — деп түсіндірді рәсімді Нурмагомедов.