02.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық Далила Якуповичпен бірге Хэхингендегі (Германия) ITF турнирінің жұптық сынында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/4 финалда Құламбаева мен Якупович Рената Ямрихова (Словакия) / Елена Приданкина (Ресей) жұбымен кездесіп, үш сетте 6:4, 4:6, 3:10 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.