02.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Никита Гусев мәскеулік «Динамомен» сынақ келісімшартқа отырды

Никита Гусев мәскеулік «Динамомен» сынақ келісімшартқа отырды

КХЛ-дің ресми сайтының мәліметінше, мәскеулік «Динамо» шабуылшы Никита Гусевпен сынақ келісімшартын жасады — келісім 21 тамызға дейін жарамды.

Шабуылшының қысқа мерзімді келісімшарт бойынша жалақысы 150 мың рубльді құрайды — толық келісімшартқа клуб жалақы төбесінен орын босатқаннан кейін қол қойылады.

Өткен маусымда 33 жастағы Гусев тұрақты чемпионатта «Динамоның» үздік сұрмергені атанды — шабуылшы 68 ойында 69 ұпай (29 гол және 40 пас) жинап, плей-офф кезеңінде 17 ойында 11 ұпай (5+6) еншіледі.

Шабуылшымен жаңа келісімшартқа қол қою үшін клуб Максим Джиошвили немесе Девин Броссомен қоштасу нұсқаларын қарастыруда.