02.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ливерпульдің жаңа ойыншылары жаңа маусымға нөмірлерін таңдады

Ливерпульдің жаңа ойыншылары жаңа маусымға нөмірлерін таңдады

Ливерпульдің ресми сайтының хабарлауынша, команданың жаңа ойыншылары алдағы маусымға ойын нөмірлерін анықтады.

Флориан Виртц жетінші нөмірді алды — оны Луис Диас Баварияға ауысқаннан кейін босатқан болатын. Басқа жаңа ойыншылар да өз нөмірлерін таңдады:

  • Милош Керкез — №6
  • Джереми Фримпонг — №30
  • Юго Экитике — №22
  • Георгий Мамардашвили — №25

Сонымен қатар, бұрын 84-ші нөмірмен ойнаған Конор Брэдли оны 12-ші нөмірге ауыстырды.