01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ливерпуль» бір сағатта Флориан Вирцтің қанша жейдесін сатқаны белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ливерпуль» бір сағатта Флориан Вирцтің қанша жейдесін сатқаны белгілі болды

1 тамыз күні «Ливерпуль» клубы 2025/26 маусымға арналған жаңа жейделерін таныстырып, неміс жартылай қорғаушысы Флориан Вирцтің 7-нөмірмен ойнайтынын ресми түрде хабарлады. Презентациядан кейін жанкүйерлер тарапынан үлкен сұраныс байқалды.

Клубтың мәліметінше, таныстырылымнан кейінгі алғашқы сағаттың өзінде Вирцтің есімі жазылған 42 000 жейде сатылған.

Бұл көрсеткіш ойыншының жанкүйерлер арасындағы жоғары беделін және оның трансферінің коммерциялық тұрғыдан қаншалықты тиімді болғанын айқын көрсетеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!