29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Президент кубогы: Заңғар Нұрланұлы челленджер турнирінде алғаш рет өнер көрсетті

Президент кубогы: Заңғар Нұрланұлы челленджер турнирінде алғаш рет өнер көрсетті

Елордада Президент кубогы үшін теннистен халықаралық ATP Challenger Tour турнирі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы челленджер жарысында алғаш рет өнер көрсетті.

Тырнақалды кездесуінде Заңғар тәжірибелі теннисші, кезінде әлемдік рейтингіде 50-орынға дейін көтерілген, қазіргі кезде 387-сатыда тұрған, турнирдің 8-ракеткасы, литвалық Ричардас Беранкиспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық жас теннисші 2:6, 2:6 есебімен есе жібергеніне қарамастан, ересектер арасында өзінің шама-шарқын байқап көрді.

Беранкис — Литва теннисінің жарық жұлдызы, жасөспірімдер арасында 2007 жылғы US Open жеңімпазы, өз елінің тарихында ТОП-100-ге кірген жалғыз ойыншы. Ол 2014 жылы Астана Президент кубогы, 2017 жылы Шымкентте челленджер додасында топ жарды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және InstagramFacebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.