30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Еуро-2025 жеңімпаздары Англия құрамасы «Уэмблиде» Қытаймен кездеседі

Еуро-2025 жеңімпаздары Англия құрамасы «Уэмблиде» Қытаймен кездеседі

Англия Футбол қауымдастығының ресми сайтының хабарлауынша, Англияның әйелдер құрамасы 2025 жылдың 29 қарашасында «Уэмбли» стадионында Қытай құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Сарина Вигманның шәкірттері — Еуро-2025 финалында Испанияны жеңіп, құрлық чемпионы атанған команда. Жеңістен кейін құрама Лондон көшелерінде салтанатты шеруге қатысып, оған 65 мың жанкүйер жиналды.

«Керемет айдан және осы аптадағы мерекеден кейін біз болашақты жоспарлап жатырмыз. Биыл «Уэмблиде» ойнау мүмкіндігі болатыны ерекше қуантады», — деді Вигман.

Алдағы кездесу ағылшындардың 2026 жылдың ақпанында басталатын 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындығының бір кезеңі болмақ. Сондай-ақ, команда қазан және қараша айларында тағы екі матч өткізеді, бірақ қарсыластары әлі анықталған жоқ.