30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Элгуджа Лобжанидзе: «Қазақстан – маған бөтен ел емес»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Элгуджа Лобжанидзе: «Қазақстан – маған бөтен ел емес»

«Жеңіс» клубының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында астаналық командаға ауысу шешімі туралы пікір білдірді.

Футболшының айтуынша, Қазақстанға оралу – әбден ойластырылған қадам болған. Бұған клубты жақсы тануы да, елдің өзі де әсер еткен.

«Өзбекстанда келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдадым. Дәл сол сәтте Қазақстаннан ұсыныс түсті. Көп ойланған жоқпын, себебі клуб басшылығын да, жігіттерді де танитынмын. Жалпы алғанда, Қазақстан маған бөтен ел емес. Сондықтан бәрі оңай өтті», – деді Лобжанидзе.

Айта кетейік, 18 турдан кейін «Жеңіс» 24 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр. Команда келесі кездесуін 3 тамыз күні сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!