30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Альваро Мората «Галатасарайдан» кеткісі келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Альваро Мората «Галатасарайдан» кеткісі келеді

Испаниялық шабуылшы Альваро Мората сейсенбі күні «Галатасарай» жаттығуына қатыспады. Ол Испанияда қалып, «Комоға» ауысуға рұқсат берілуін күтуде. Бұл туралы журналист Ягыз Сабунджуоглу әлеуметтік желі X-та хабарлады.

Футболшының құқықтары «Миланға» тиесілі. Итальяндық клубпен оның келісімшарты 2029 жылдың жазыға дейін есептелген. Ал 2025 жылдың қаңтарында 32 жастағы форвард түрік клубына 2026 жылдың қаңтарына дейін жалға берілген еді.

Стамбұлдық клуб аренда келісімін мерзімінен бұрын бұзу үшін €6 миллион талап етуде. Әзірге тараптар ортақ мәмілеге келе алған жоқ. Осы уақыт аралығында Мората жаттығуларды өткізіп жіберіп, «Комоға» ауысу процесін жеделдеткісі келеді.

Өткен маусымда Суперлигада Мората 12 матч өткізіп, 6 гол соғып, бір нәтижелі пас берген болатын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!