30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақ маманы УЕФА Конференция лигасының матчының делегаты болып тағайындалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақ маманы УЕФА Конференция лигасының матчының делегаты болып тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры Александр Кеплин УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчының делегаты болып тағайындалды. Бұл ойын Грузияның «Спаэри» және Австрияның «Аустрия Вена» командалары арасында өтеді.

Кездесу 31 шілде күні Астана уақытымен 21:00-де Тбилисидегі «Михаил Месхи-2» стадионында өтеді.

Александр Кеплин 2018 жылдың наурыз айынан бері УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол АПОЭЛ (Кипр) – «Целе» (Словения), Венгрия W – Сербия W және басқа да бірнеше матчта делегат болған.

Айта кетейік, матчтық делегат – УЕФА-ның ресми өкілі болып табылады. Ол матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарын басқарып, ойын аяқталған соң баға береді. Сонымен қатар, делегат матчты спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік тұрғысынан ұйымдастыруды үйлестіреді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!