30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Танымал поп-ММА спортшысы алаяқтық ісі бойынша іздестіріліп жатыр

Танымал поп-ММА спортшысы алаяқтық ісі бойынша іздестіріліп жатыр

Ресейлік танымал блогер әрі поп-ММА жекпе-жектерінің қатысушысы Игорь Швед қаржылық алаяқтыққа байланысты арнайы қызметтердің іздеуіне ілінді, деп хабарлайды Prosports.kz РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Швед әлеуметтік желіде арнайы әскери операцияға қатысып жатқан сарбаздарға көлік сатып алу үшін қаражат жинау бастамасын көтерген. Алайда біраз уақыт өткен соң, ол барлық әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, өзі де, жиналған ақша да ғайып болған.

Қазір Швед тіпті арнайы операцияға қатысып жүрген таныс сарбаздармен де байланысқа шықпай отыр. Солардың бірі Аслан жағдайға қатысты пікір білдіріп: «Адамдар мәселені адамша шешкісі келді. Бірақ, кешіріңіз, мынау тірі жанға тән тілді түсінбейтін біреу болып шықты», – деді.