30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы белгілі болды

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» клубымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Словакиялық команда бұған дейін Босния және Герцеговинаның «Зриньски» клубын жарыс жолынан шығарған (4:0, 2:2).

Еске салайық, «Қайрат» бірінші кезеңде Словенияның «Олимпия» клубынан басым түссе (3:1), екінші айналымда Финляндияның КуПС командасымен тартысты матч өткізіп, керемет камбэкпен жеңіске жеткен болатын (3:2).