29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Пеп Гвардиола: «Бапкерліктен кетіп, денсаулығыма көңіл бөлемін»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Пеп Гвардиола: «Бапкерліктен кетіп, денсаулығыма көңіл бөлемін»

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Пеп Гвардиола өз денсаулығына алаңдап, мансабында үзіліс жасау ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы ол берген сұхбатында айтты.

«Шынымды айтсам, қатты шаршадым. Денемнің әр жері сырқырап тұр. Биологиялық жасым шамамен 75-тей болып кеткен сияқты. Үміттенемін, жақын арада өзімді қайта қалпыма келтіре аламын», – деді ол.

Сонымен қатар, Гвардиола «Манчестер Ситидегі» кезеңінен кейін уақытша бапкерлік қызметтен кететінін растады:

«Келесі қадамым – үзіліс. Бұл қанша уақытқа созылары белгісіз – бір жыл ма, бес жыл ма, тіпті он бес жыл ма – білмеймін. Бірақ тоқтаймын. Өзіме және денсаулығыма көңіл бөлуге тура келеді», – деді испаниялық маман.

Айта кетейік, Пеп Гвардиола «Ситимен» бірге соңғы жылдары Англия мен Еуропада жетістіікке жетіп, тарихи треблді (АПЛ, Кубок, Чемпиондар лигасы) де бағындырған болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!