28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатына дайын – Қазақстанмен бірге бақ сынайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатына дайын – Қазақстанмен бірге бақ сынайды

30 шілде мен 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтетін U-22 және жастар (U-19) арасындағы бокстан Азия чемпионатына қатысатын Өзбекстан құрамасының толық құрамы жарияланды. Турнирде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді.

Өзбекстан U-22 (ерлер):
Бехруз Холдоров (50 кг), Самандар Олимов (55 кг), Шахрух Абдумаликов (60 кг), Саят Ильясов (65 кг), Мухаммадазизбек Исмоилов (70 кг), Шавкатжон Болтаев (75 кг), Рахматилло Бойматов (80 кг), Абдулазиз Абдурахманов (85 кг), Шахзод Полвонов (90 кг), Халимжон Мамасолиев (90+ кг)

Өзбекстан U-22 (әйелдер):
Робияхон Бахтиёрова (48 кг), Гульсевар Ганиева (51 кг), Узукжамол Юнусова (54 кг), Хумарабону Мамажонова (57 кг), Одинахон Исмаилова (60 кг), Махира Ахмедова (65 кг), Ойша Тоирова (70 кг), Дирахон Абдуманнобова (81+ кг)

Жастар құрамасы (U-19, ерлер):
Адильшох Халимов, Абдулазиз Абдуназаров, Махмуджон Абдурахманов, Жахангир Зайниддинов, Абдулазиз Жоракулов, Мухаммаджон Якупбоев, Норбек Абдуллаев, Самир Собиров, Мухаммадризо Сиддиков, Ислам Салихов

Жастар құрамасы (U-19, әйелдер):
Мафтуна Мусурмонова, Мухтасар Алиева, Муслима Тургунова, Робия Равшанова, Севара Маматава, Севинч Хуррамова, Райхона Курбонбоева, Мафтуна Янгиева, Рухшона Парпиева, Собирахон Шахобиддинова

Сол күні Бахыт Сәрсекбаев баптайтын Қазақстанның U-22 және U-19 құрамалары да Таиландқа жолға шықты. Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын жас боксшыларымыздан жоғары нәтиже күтеміз!