28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бахтиер Зайнутдинов ресми түрде мәскеулік «Динамо» ойыншысы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бахтиер Зайнутдинов ресми түрде мәскеулік «Динамо» ойыншысы атанды

Мәскеудің «Динамо» клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты құрамына қосқанын ресми түрде жариялады. Бұған дейін ол Түркияның «Бешикташ» командасында ойнаған болатын.

27 жастағы Зайнутдинов 2023 жылы «Бешикташ» сапына ауысқанымен, жарақатына байланысты маусым барысында небәрі 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі паспен шектелген.

Түркияға аттанбас бұрын Бахтиер Ресей Премьер-Лигасында сәтті өнер көрсеткен. Ол «Ростов» пен ЦСКА клубтарының жейдесін киіп, тұрақты ойын үлгісімен көзге түскен.

Осылайша, Зайнутдинов Ресей футболына қайта оралып, енді «Динамоның» ортаңғы шебін күшейтеді деп күтілуде.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!