28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Жамбыл облысында қайғылы жол апатына ұшырады

UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Жамбыл облысында қайғылы жол апатына ұшырады

HALYQSTAN мәліметі бойынша, UFC жауынгері Гүләйім Рахмонова Жамбыл облысының Мойынкұм ауданында Алматы — Екатеринбург тас жолында ауыр жол-көлік оқиғасына тап болды.

Оқиға 296-шы шақырымда орын алды — Гүләйім Рахмонованың басқаруындағы Toyota Land Cruiser жолаушы көлігі Ақсүйек ауылының маңында аударылып қалды. Апат кезінде көлікте Рахмоновтардың ұлы мен екі жолаушы болған.

Оқиға салдарынан 39 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты, ал 35 жастағы әйел аудандық ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Гүләйім Рахмонова мен оның үш жасар ұлы орташа ауырлықтағы жарақатпен Шу қалалық ауруханасына жеткізілді.

Медицина қызметкерлері жарақат алғандардың жағдайы тұрақты екенін, оларға хирургиялық араласу қажет емес екенін хабарлайды. Құқық қорғау органдары екі адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу бастады.