27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Андрей Карпович: «Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Андрей Карпович: «Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды»

Семейлік «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович ҚПЛ-дің 18-турында «Жетісуға» қарсы өткен матчтан кейін (3:0) өз пікірін білдірді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

– Баршаңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Қазіргі жағдайды жақсы түсінеміз және, әрине, жеңіске жеткіміз келеді. Бүгінгі нәтиже біз үшін өте маңызды. Ұлы Абайдың 180 жылдық мерекесі қарсаңында жанкүйерлерге жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Ертең финалға шыққан жасөспірімдер командасын да қолдаймыз. Олар жеңісті толқын жалғастырады деп сенемін, – деді Карпович.

Еске салайық, бұл кездесуде «Елімай» өз алаңында «Жетісуды» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнир кестесіндегі позициясын жақсартқан болатын.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!