27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Тұран» «Түркістан Аренада» «Ордабасыны» қабылдайды

«Тұран» «Түркістан Аренада» «Ордабасыны» қабылдайды

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-ші туры аясында «Тұран» мен «Ордабасы» арасында матч өтеді. Кездесу «Түркістан Аренада» сағат 20:00-де басталады.

Командалар матчқа әртүрлі турнирлік жағдайда келеді — шымкенттік клуб сегізінші орында 23 ұпаймен тұр, ал түркістандықтар құлдырау аймағында небәрі 11 ұпаймен орналасқан.

Чемпионатта көш бастап тұрған «Астана» мен «Қайрат» — екі клубта да 40 ұпайдан бар. Көшбасшылар үштігін қостанайлық «Тобыл» 35 ұпаймен түйіндейді, одан кейін «Ақтөбе» (33), «Елімай» және «Оқжетпес» (28-ден) келеді.