27.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Арнаутович Михайловичке берген уәдесі туралы айтып жылап қалды

Арнаутович Михайловичке берген уәдесі туралы айтып жылап қалды

Марко Арнаутович «Црвена Звезданың» таныстыру рәсімінде көз жасын тия алмады — шабуылшы марқұм Синиша Михайловичке берген уәдесін орындады.

36 жастағы шабуылшы осы жазда «Интерден» кетіп, белград клубымен екі жылдық келісімшартқа отырды — бұл 2022 жылы өмірден озған Михайлович бұрын ойнаған команда.

«Ол маған «Болоньяда» болған кезде бұл туралы күн сайын айтатын. Мен мұндамын, себебі оған осы футболканы киемін деп уәде бергем. Стадионға келгенде, осы екі күнде мен өмірімде жыламағандай жыладым. Мен оның отбасымен сөйлестім. Мен Синишаға «Црвена Звездаға» ауысамын деп уәде бергем, міне мен осындамын»

Sky Sport мәліметі бойынша, австриялық футболшы «Болоньяда» бірге жұмыс істеген кезде Михайловичпен өте жақын болған.