26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Асхат Жіткеев Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Асхат Жіткеев Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті болды

Астанада өткен Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясында Олимпиада жүлдегері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Асхат Жіткеев вице-президент қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Жіткеев федерацияның бас хатшысы қызметін атқарып, халықаралық деңгейде қазақстандық дзюдоның стратегиялық дамуына белсене атсалысқан.

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев бұл тағайындау туралы былай деді:
«Асхат Жіткеевтің есімі қазақстандық дзюдо үшін ерекше мәнге ие. Оның бастамаларының арқасында еліміз халықаралық дзюдо қауымдастығында өз орнын нығайтты. Ол тек тәжірибелі спортшы ғана емес, стратег ретінде де ерекше қабілетімен көзге түсті. Енді бұл жұмысты жаңа деңгейде жалғастыратынына қуаныштымын».

Ал федерацияның жаңа бас хатшысы қызметіне халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Лондон-2012 Олимпиадасының қатысушысы Тимур Болат бекітілді. Ол 2017 жылдан бері ұлттық құраманың команда жетекшісі қызметін атқарып келген.