26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

PashaBiceps 11 жылдан кейін Team LDLC-мен реванш матчын өткізуді ұсынды

PashaBiceps 11 жылдан кейін Team LDLC-мен реванш матчын өткізуді ұсынды

Поляктың аңызға айналған киберспортшысы Ярослав «pashaBiceps» Яжомбковски ESL One Cologne 2014 турнирінің қатысушылары — Virtus.pro мен Team LDLC-нің бұрынғы құрамдары арасында реванш матчын өткізуді ұсынды.

«IEM Cologne кезінде мен әрдайым естеліктерге оралам! Біз әрқашан бұл турнирде жеңіске жетуді қаладық, бірақ жолымызда читер тұрды. Он жылдан кейін реванш өткізу керек! Поляк жанкүйерлері осыған лайық», — деп жазды Яжомбковски X әлеуметтік желісінде.

Бұл ұсыныс жүлде қоры бір миллион доллар болатын IEM Cologne 2025 турнирі өтіп жатқан кезде жасалды. Еске сала кетейік — 2014 жылы Virtus.pro Team LDLC-ден ширек финалда 0:2 есебімен жеңілген болатын, ал кейінірек француз командасының ойыншысы Ховик «KQLY» Товмасян тыйым салынған бағдарламалық жасақтаманы пайдаланғаны үшін VAC-бан алған еді.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch