26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Яннис Адетокунбо НБА-да данк бойынша көш бастады

Яннис Адетокунбо НБА-да данк бойынша көш бастады

NBA мәліметі бойынша, «Милуоки Бакс» ойыншысы Яннис Адетокунбо аяқталған маусымда данк саны бойынша лига көшбасшысы атанды.

Грек шабуылшысы тамаша нәтиже көрсетті — 243 данк. Екінші орында «Миннесота» орталық ойыншысы Руди Гобер 225 данкпен орналасты.

Үздік үштікті «Детройт» өкілі Джейлен Дюрен 219 ұпаймен түйіндеді. Бестікке сондай-ақ «Кливленд» ойыншысы Эван Мобли (192) және «Клипперс» өкілі Ивица Зубац (177) кірді.