24.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының қорғаушысы әлем чемпионын жаттығуда «жазалады»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы әлем чемпионын жаттығуда «жазалады»

Жартылай ауыр салмақтағы экс-абсолют әлем чемпионы Дмитрий Бивол Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін «Зенит» футбол клубымен жаттығу күнін өткізді.

Петербор клубының футболшылары — атақты боксшыға командаға қабылдаудың дәстүрлі рәсімін ұйымдастырды. Жаңа келген ойыншы символдық соққылар жасайтын тірі дәліз арқылы өтуге мәжбүр болды.

Рәсім кезінде Нұралы Әліп ерекше көзге түсті — қазақстандық қорғаушы қатысушылардың жалпы күлкісі астында Биволға теуіп жіберді, бұл үшін команда жолдастары оны әзілдеп боксшыға қарай итеріп жіберді. Чемпион жымиып, қорғаушымен достық рәуіште қол алысты.

Айта кетейік, Дмитрий Бивол Тоқмақта дүниеге келген — бала кезінде Санкт-Петербургке көшіп келген.