22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

RFEF Реалдың жанкүйерін төрешілер комитетіне ЖИ бойынша кеңесші етіп тағайындады

RFEF Реалдың жанкүйерін төрешілер комитетіне ЖИ бойынша кеңесші етіп тағайындады

Marca мәліметінше, Испания корольдік футбол федерациясы (RFEF) төрешілердің техникалық комитетіне Чема Алонсоны жасанды интеллект және инновациялар бойынша кеңесші етіп тағайындады.

Алонсоның әлеуметтік желілердегі ескі жазбаларында мадридтік клубты ашық қолдағаны белгілі болып, тағайындау резонанс тудырды:

«Мен мадридшіл, раулшыл және икершілмін»
«Менің кемшілігім – тарихтағы ең ұлы клубтың жанкүйерімін. Hala Madrid»

Чема Алонсо ақпараттық жүйелер магистрі және қауіпсіздік саласында докторлық дәрежесі бар — ол ElevenPaths компаниясын құрып, Telefónica-да ЖИ және big data жобаларын басқарған.

Төрешілердің техникалық комитеті маманның ВАР жұмысына немесе төрешілерді матчтарға тағайындауға ықпал ете алмайтынын ерекше атап өтті.