22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Челсиге» ауысады

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Челсиге» ауысады

«РБ Лейпциг» клубының жартылай қорғаушысы Хави Симонс лондондық «Челсиге» ауысуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

«Арсеналда» Симонсқа қызығушылық танытып отыр, бірақ «канонирлар» үшін негізгі трансфер басымдығы «Спортингтің» шабуылшысы Виктор Дьекереш болып қала береді.

Өткен маусымда 22 жастағы нидерландылық 33 матчқа қатысып, 11 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.