22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» — «КуПС»: маңызды матч алдындағы сарапшының пікірі

«Қайрат» — «КуПС»: маңызды матч алдындағы сарапшының пікірі

УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» пен «КуПС» кездеседі. Бұған дейін алматылық ұжым «Олимпия» Любляна командасын екі ойын қорытындысы бойынша жеңген болатын.

Маңызды матч алдында спорт блогері Бақыт Такеновтың пікірін білдік.

Алматылық клубтың келесі кезеңге өту мүмкіндігі жоғары. Дегенмен, «КуПС» бұған дейін «Астананы» 3:4 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді. Алайда қазіргі «Қайраттың» құрамасы мен тактикалық ойын жүйесі финляндиялық ұжымнан бір саты жоғары. Сондықтан «Қайраттың» келесі кезеңге өту ықтималдығы басым. Менің болжамым бойынша сырт алаңда тең түсуі мүмкін, ал өз алаңында бір немесе екі доп айырмасымен «Қайрат» жеңеді.

Айта кетейік, қос команда арасындағы ойын бүгін 20:00 де өтеді.