21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютінде қарсыласын нокаутпен жеңді

Бокстан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады.

Бішкекте өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы 23 жастағы филиппиндік Кристиан Леганмен (6-2-3, 4 KO) қолғап түйістірді. Екінші жеңіл салмақта жоспарланған алты раундтық кездесуде Сәкен айқын басымдық көрсетіп, қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Бибосынов кәсіпқой рингтегі жолын сенімді жеңіспен бастады.