21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жетісу» жаңа ойыншысы «Ордабасыны» ҚПЛ матчында сенсациялық жеңіске жеткізді

«Жетісу» жаңа ойыншысы «Ордабасыны» ҚПЛ матчында сенсациялық жеңіске жеткізді

Қазақстан Премьер-Лигасының 17-ші тур матчында талдықорғандық «Жетісу» шымкенттік «Ордабасыны» 1:0 есебімен сенсациялық жеңіске жетті.

Командалардың бастапқы құрамы:

  • «Жетісу»: Кавлинов, Шаихов, Асқаров, Кашкен, Карвот, Шмидт, Мұхаметханов, Оматай, Фофана, Есімбеков, Чочиев
  • «Ордабасы»: Шайзада, Антич, Тұрсынбай, Малый, Астанов С., Кэпэцинэ, Юрий Вакулко, Наумец, Имнадзе, Астанов Э., Жұмабек

Қонақтар матч бойы басымдылық танытты — әсіресе екінші таймда команда белсенді прессинг жасады, бірақ мүмкіндіктерін іске асыра алмады.

Кездесудің тағдырын «жетісулықтардың» жаңа ойыншысы Рафаэль Саксесс шешті — ол қосымша уақыттың үшінші минутында қақпашымен бетпе-бет шығып, голды соқты.

Матч қорытындысы бойынша «Жетісу» 16 ұпаймен турнир кестесінің оныншы орнында тұр — «Ордабасы» 23 ұпаймен сегізінші орында орналасқан.