20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тамирлан Тлеулес таэквондодан Универсиада-2025 қола жүлдегері атанды

Тамирлан Тлеулес таэквондодан Универсиада-2025 қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таэквондошы Тамирлан Тлеулес Германиядағы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел қоржынына тағы бір медаль салды — ол 58 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Жартылай финалда Тлеулес Украина өкілі Максим Маненковпен кездесті — қазақстандық спортшы раундтар бойынша 0-2 есебімен жеңілді (17:18, 14:17).

Бұл жүлде ұлттық құраманың ағымдағы жарыстағы төртінші медалі болды. Бұған дейін команда қоржынына қола медальдарды:

  • таэквондошылар Дамир Шуленов пен Нодира Ахмедова
  • көркем гимнаст Айбота Ертайқызы салған болатын