20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Пауло Коста UFC 318 жеңісінен кейін Хамзат Чимаевке қарсы шықты

Пауло Коста UFC 318 жеңісінен кейін Хамзат Чимаевке қарсы шықты

UFC Eurasia ютуб-арнасының хабарлауынша, Пауло Коста Хамзат Чимаевке қатысты өткір мәлімдеме жасады — бразилиялық файтер шешен спортшысымен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті.

Әрі қарай не? Сендер білесіңдер, мен бір жігітті жек көремін. Мына Чимаев деген әңгүдікті. Иә, ол қатал. Білесіңдер ме, ол менің әйеліме жазған. Бұл дұрыс емес. Ол мен және әйелім туралы жаман нәрселер жазған. Бірақ маған жазбады, себебі ол қорқақ.

Чимаев, сен қорқақсың. Мен мұндамын, сені іздеп, қуып жүремін. Мұны істемейінше тоқтамаймын.

Коста Роман Копыловты UFC 318 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңгеннен кейін бұл мәлімдемені жасады — бразилиялық файтер бұл жеңісті Чимаевпен күтілген қарсыластыққа жету үшін пайдаланғысы келеді.