20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Гштаадтағы ATP турнирінің жеңімпазы атанды

Александр Бублик Гштаадтағы ATP турнирінің жеңімпазы атанды

Александр Бублик EFG Swiss Open Gstaad турнирінің финалында аргентиналық Хуан Мануэль Серундолоны жеңді.

Қазақстан өкілі үшін бұл кәсіби мансабындағы алтыншы титул — ағымдағы маусымда екінші трофейді жеңіп алды.

ATP 250 санатындағы турнир Швейцариядағы Гштаадтың саз корттарында өтті, жүлде қоры 596 035 еуроны құрады.