20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жаңа Орлеанда қазақстандық жауынгер қатысатын UFC 318 өтеді

Жаңа Орлеанда қазақстандық жауынгер қатысатын UFC 318 өтеді

Жаңа Орлеанда (АҚШ) UFC 318 турнирі өтеді — басты оқиға Макс Холлоуэй (26-8) мен Дастин Порье (30-9) арасындағы үшінші жекпе-жек болады.

Турнир трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша 03:00-де, ал негізгі кард 07:00-де басталады. Букмекерлер басты жекпе-жекте Холлоуэйді шамалы фаворит деп санайды.

Турнир аясында қазақстандық өкіл Николай Веретенников (12-6) октагонға шығады — оның қарсыласы аргентиналық Франсиско Прадо (12-3) болады. Қазақстандық жауынгер үшін бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жек болады — алдыңғы екі кездесуде ол америкалық Дэнни Барлоу мен Остин Вандерфордтан жеңілген болатын.