20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик абсолют чемпион атағы үшін Дюбуаны нокаутпен жеңді

Усик абсолют чемпион атағы үшін Дюбуаны нокаутпен жеңді

Лондонда украиналық боксшы Александр Усик (24-0, 15 КО) ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағын британдық Даниэль Дюбуамен (22-3, 21 КО) жекпе-жекте қорғады.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды — Усик қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді. Украиналық чемпион үшін бұл кәсіби рингтегі 24-ші жеңісі болса, Дюбуа мансабындағы үшінші жеңілісін қабылдады.

Айта кетейік, шамамен екі жыл бұрын, 2023 жылдың тамыз айында, боксшылар рингте кездескен болатын — сол кезде де Усик тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.