20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық спортшылар Германиядағы Универсиада-2025-те алғашқы медальдарын жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Германиядағы Универсиада-2025-те алғашқы медальдарын жеңіп алды

Германиядағы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы медальдарын жеңіп алды.

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан қола медаль әкелді — спортшы лентамен жаттығуда 26.600 ұпаймен үшінші орын алды. Өзбекстандық Тахмина Икромова 28.700 ұпаймен жеңімпаз атанса, беларусь гимнасшысы Алина Горносько 27.850 ұпаймен күміс медальді иеленді.

Құраманың қоржынына екінші қола медальді 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таеквондошы Дамир Шуленов қосты. Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Юшуай Лянға раундтар бойынша 0-2 есебімен (1:2, 9:11) жол берді.