20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик «Уэмблиде» Дюбуаны бесінші раундта нокаутқа түсірді

Усик «Уэмблиде» Дюбуаны бесінші раундта нокаутқа түсірді

Лондонның атақты «Уэмбли» стадионында ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін Александр Усик пен Даниэль Дюбуа арасындағы күткен реванш аяқталды.

Украиналық боксшы — британдық үміткерге мүмкіндік қалдырмай, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Усик үшін бұл кәсіби мансабындағы 24-ші жеңіс болса, Дюбуа үшінші рет жеңілді.

Айта кетерлігі, екі жылдай бұрын олардың алғашқы кездесуінде де Усик мерзімінен бұрын жеңіске жеткен — сол кезде жекпе-жек тоғызыншы раундта аяқталған болатын.