19.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жапондық шабуылшы Син Ямада шотландиялық Селтиктің ойыншысы атанды

Жапондық шабуылшы Син Ямада шотландиялық Селтиктің ойыншысы атанды

Шотландия чемпионы Жапония құрамасының шабуылшысы Син Ямадамен төрт жылдық келісімге қол қойды, ол Кавасаки Фронталеден ауысты.

Селтиктің бас бапкері Брендан Роджерс клубтың жаңа трансферін жоғары бағалады:

«Ол — гол соға алатын және голдық сәттер жасай алатын мықты ойыншы. Оның келуі шабуыл шебімізге маңызды өзгеріс әкелетініне сенімдімін»

Биыл ұлттық құрамада дебют жасаған 25 жастағы шабуылшы Джей-лигада өткізген 121 ойында 32 гол соқты. Ағымдағы маусымда 21 ойында екі рет мәреге дәл тиген.

Син Ямада Селтиктің жазғы маусымдағы алтыншы жаңа трансфері болды:

  • Бенджамин Нюгрен
  • Каллум Османд
  • Хаято Инамура
  • Киран Тирни
  • Росс Духан

«Селтик — әлемдік футболдағы ең атақты клубтардың бірі. Мен отандастарым Дайдзен, Рео және Кёгоның мұнда табысты өнер көрсеткенін көрдім және олар сияқты ойынға әсер етуге тырысамын», — деді жапон шабуылшысы.