18.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бублик Гштаадтағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін Комесаньямен кездеседі

Бублик Гштаадтағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін Комесаньямен кездеседі

Швейцариядағы EFG Swiss Open Gstaad турнирінде ширек финалдық кездесулер басталады. Александр Бублик аргентиналық теннисші Франсиско Комесаньямен ойнайды.

Саз корттардағы басқа жекпе-жекте норвегиялық Каспер Рууд пен аргентиналық Хуан Мануэль Серундоло кездеседі.

ATP 250 санатындағы турнир Гштаадта өтуде, жүлде қоры 596 035 еуро — жарыс 20 шілдеде аяқталады.