18.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КХЛ президенті «Барыс» басшылығымен маңызды кездесу өткізді

КХЛ президенті «Барыс» басшылығымен маңызды кездесу өткізді

«Барыс» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеуде КХЛ президенті Алексей Морозов пен астаналық клубтың бас директоры Сәкен Мұсайбековтің кездесуі өтті.

Басшылар клубты дамытудың негізгі бағыттарын — спорттық құрамнан бастап маркетингтік стратегияға дейін талқылады. Матчтардың көрермендік деңгейін арттыру мен клуб инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

Назар орталығында жастар хоккейін дамыту мәселесі болды — тараптар клуб мектебі тәрбиеленушілерінің Ресей федералды округтерінің біріншіліктеріне қатысуын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша үш бағытта ынтымақтастыққа дайын екендігі расталды:

  • Негізгі команданың КХЛ-да өнер көрсетуі
  • «Снежные Барсы» командасының Жастар хоккей лигасына қатысуы
  • Клубтың КХЛ 3х3 чемпионатында өкілдік етуі
-->