18.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ордабасы» Еурокубокпен қош айтысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ордабасы» Еурокубокпен қош айтысты

Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Ордабасы» мен Кутаисидің «Торпедо» клубы арасындағы жауапты матч өтті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Кездесудің алғашқы таймында грузиялық команда сапынан Ираклий Бидзинашвили есеп ашып, қонақтарды алға шығарды — 0:1.

Екінші тайм басында «Торпедо» ойыншысы Соломон Кверквелия қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. «Ордабасы» негізгі уақытқа қосылған минуттарда таразы басын теңестірді — Абылайхан Жумабек мергендік танытты — 1:1.

Алайда бұл нәтиже шымкенттіктерге жеткіліксіз болды. Қос матч қорытындысы бойынша келесі кезеңге «Торпедо» жолдама алып, «Ордабасы» Еурокубокпен қоштасты.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!

-->