18.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» Еуропа лигасымен қоштасты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбе» Еуропа лигасымен қоштасты

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің жауапты матчы өтті. «Ақтөбе» өз алаңында Польшаның «Легия» клубын қабылдады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қонақтар бұл жолы да жеңіске жетті. Кездесудің соңғы минуттарында «Легия» ойыншысы Хуэрхен Элитим есеп ашып, жеңісті жұлып әкетті — 0:1. Еске салайық, алғашқы матч Варшавада өтіп, поляктардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталған болатын.

Қос кездесудің қорытындысы бойынша келесі іріктеу кезеңіне «Легия» жолдама алды. Ал «Ақтөбе» енді Еуропа конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!

-->