17.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ювентус» Франсишку Консейсауды «Портудан» 30 миллион еуроға сатып алады

«Ювентус» Франсишку Консейсауды «Портудан» 30 миллион еуроға сатып алады

Джанлука Ди Марцио журналисінің мәліметінше, Франсишку Консейсау «Ювентусте» өнер көрсетуін жалғастырады — Турин клубы футболшының толық трансфері туралы келісімге келді.

«Портумен» жасалған келісім 30 миллион еуродан астам соманы төрт бөлікпен төлеуді көздейді — инсайдер Фабрицио Романоның растауынша, барлық құжаттарға кеше қол қойылған.

Португал қанатшабуылшысы жалдау кезінде «бьянконери» құрамында өзін жақсы көрсетті — оның еншісінде 40 матчта 7 гол мен 6 нәтижелі пас бар. Әсіресе Консейсаудың клубтық әлем чемпионатындағы өнері сәтті болды, онда ол үш кездесуде екі гол соқты.

-->