17.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Өзбекстан құрамасы CAFA Nations Cup турнирі алдында қиындыққа тап болды

Өзбекстан құрамасы CAFA Nations Cup турнирі алдында қиындыққа тап болды

Championat.Asia мәліметінше, Өзбекстан құрамасы алдағы CAFA Nations Cup 2025 турниріне құрам жасақтауда қиындықтарға тап болуда — жарыс ФИФА-ның ресми күнтізбесінен тыс өтеді.

Шетелде өнер көрсетіп жүрген легионерлер Оманға қарсы алғашқы ойынға құрама сапына қосыла алмайтын сияқты

Турнир 29 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында екі елде — Өзбекстан мен Тәжікстанда өтеді. Жарысқа қатысатын құрамалар:

  • Өзбекстан құрамасы
  • Қырғызстан құрамасы
  • Түрікменстан құрамасы
  • Иран құрамасы
  • Ауғанстан құрамасы
  • Оман құрамасы

Өзбек командасы үшін бұл 2026 жылғы әлем чемпионатына тарихи іріктелуден кейінгі алғашқы турнир болады.

-->