16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Кайраттан» жеңілген соң «Олимпияның» құлдырауына словен БАҚ-тары үн қатты

«Кайраттан» жеңілген соң «Олимпияның» құлдырауына словен БАҚ-тары үн қатты

Sportklub хабарлағандай, Алматының «Қайраты» Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде Любляна «Олимпиясы» үшін асып өтпес кедергі болды — қазақстандық клуб өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, екі кездесу қорытындысы бойынша (3:1) келесі кезеңге өтті.

«Ең нашар сценарий орындалды. «Олимпия» футболшылары Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің бірінші раундында-ақ шығып қалды — Қазақстан чемпионы «Қайрат» «айдаһарларды» жарыстан сенімді түрде шығарып тастады», — деп атап өтті словен басылымы.

Басты еурокубоктық турнирден шеттетілгеннен кейін «Олимпия» Конференция Лигасында өнер көрсетуді жалғастырады — словен клубының келесі қарсыласы андорралық «Интер Эскальдес» болады, ол алдыңғы кезеңде румындық «Стяуадан» екі кездесу қорытындысы бойынша жеңіліс тапты (3:4).

-->