15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Усик пен Дюбуа Лондонда абсолют чемпион атағы үшін қайта кездеседі

Усик пен Дюбуа Лондонда абсолют чемпион атағы үшін қайта кездеседі

19-20 шілде түні Лондонда Александр Усик (23-0, 14 КО) пен Даниэль Дюбуа (22-2, 21 КО) ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Қазақстан уақыты бойынша сағат 02:00-ден кейін басталатын бокс кездесуін DAZN стримингтік платформасынан тамашалауға болады.

Боксшылардың алғашқы кездесуі шамамен екі жыл бұрын өтіп, тоғызыншы раундта украиналық спортшының нокаутпен жеңісімен аяқталған. Бұрын ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағын иеленген Усик чемпиондық белбеуді қайтаруға ниетті.