15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Мидлсбро қорғаушысына үш неміс клубы қызығушылық танытуда

Мидлсбро қорғаушысына үш неміс клубы қызығушылық танытуда

Sky Sports мәліметінше, «Мидлсбро» қорғаушысы Рав ван ден Берг бірнеше еуропалық клубтардың назарына ілікті.

21 жастағы голландиялық футболшыны неміс Бундеслигасының өкілдері — «Штутгарт», «Вердер» және «Вольфсбург» белсенді бақылауда. Сонымен қатар, ойыншыға ағылшын Премьер-лигасының клубтары — «Брентфорд» пен «Фулхэм» қызығушылық танытуда.